jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңа жыл дастарханынан қалған қандай тағамды ертеңіне жеуге болмайды

    Жаңажылдық дастархан
    Жаңа жыл. Көрнекі фото: freepik.com

    Жаңа жылды қарсы алған дастарханнан қалған тағамдарды ертеңінде қайта тұтыну – мереке күндері тағамнан уланудың негізгі себептерінің бірі. Мұндай тағамдардың қауіпсіздігі олардың түріне, сақтау жағдайына және дұрыс жылытылуына байланысты. Бұл туралы Қазақстан ПІБ Референс-зертханасының санитариялық дәрігері Анар Мұсағалиева түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

    Дәрігердің айтуынша, тағамдарды сақтаудың бірнеше ережесі қатаң сақталуы қажет.

    1. Қауіпсіз қайта жылыту ережелері

    Температура

    • Тағамның ішкі температурасы кемінде 74°C болуға тиіс.

    Бір рет қана жылыту

    • Тағамды тек бір рет қана жылытуға болады. Қайта салқындатып, қайта жылыту улану қаупін айтарлықтай арттырады.
    • Қайнағанға дейін жеткізу
    • Сұйық тағамдар (соус, тұздық) міндетті түрде толық қайнауы қажет.
    • Біркелкі қыздыру
    • Микротолқынды пеште қыздырғанда тағамды араластырып тұру ұсынылады.

    Қайта жылытуға қауіпті өнімдер

    • Картоп – дәмі мен пайдалы қасиеттерін жоғалтады;
    • Тауық еті – ақуыз құрылымы өзгеріп, ас қорытуға ауырлық түсіруі мүмкін;
    • Күріш – Bacillus cereus бактериясының споралары улануға әкелуі ықтимал;
    • Саңырауқұлақтар мен жұмыртқа – қайта өңдеуге өте сезімтал;

    "Ет тағамдарын келесі күні тұтыну қауіпсіз. Егер олар дастарқанда 2 сағаттан артық тұрмаған және толықтай буға дейін қыздырылған болса, жей беруге болады", - дейді дәрігер.

    Қауіпсіздік мақсатында әрдайым бір ретке арналған мөлшерді ғана жылыту ұсынылады.

    Жаңа жыл дастарханынан қалған қандай тағамды ертеңіне жеуге болмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.