jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда медициналық ұйымдарға лицензияны бес жыл мерзімге беру қарастырылып жатыр

    дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанда медициналық ұйымдарға лицензияны бес жыл мерзімге ғана беру қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Медициналық ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі қолданыстағы мерзімсіз лицензия беру практикасының орнына медициналық қызметті лицензиялаудың бес жылдық мерзімін кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастыруда.

    Бекітілген 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде белгіленген стандарттарға сәйкестікті міндетті түрде қайта бағалай отырып, медициналық қызметке лицензияның мерзімсіз орнына бес жылдық қолданылу мерзімін енгізу жоспарлануда.

    Шара кадрлық әлеуетті, материалдық-техникалық базаны және көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты бағалауға бағытталған", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі алғашқы үш жыл ішінде тексеруге тыйым салу нормасы алып тасталады.

    "Бұл шара қадағалау шарттарын теңестіруге және медициналық ұйымдар жұмысының ерте кезеңдерінде жүйелі бұзушылықтардың жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек, президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде министрлік қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсететін жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бағалай отырып, кешенді тексеру жүргізеді.

    Бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық қызметке лицензиясы бар 22 905 денсаулық сақтау субъектісі, оның ішінде 8 803 мемлекеттік медициналық ұйым, 14102 жеке денсаулық сақтау субъектісі тіркелген.

    Қазақстанда медициналық ұйымдарға лицензияны бес жыл мерзімге беру қарастырылып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.