jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Туыстары рұқсатын берген": Павлодар облысында қайтыс болған әйел бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін

    Науқасқа ота жасап жатқан дәрігерлер
    Дәрігерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодарлық әйелдің өлімі бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Оның туғандары ағза мүшелерін трансплантациялауға рұқсатын берген. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша трансплантология жөніндегі өңірлік үйлестіруші Дмитрий Потеребух хабарлады, деп жазады Pavlodarnews.kz.

    Басылым тілшісі бүгін Павлодар облысында қайтыс болған донордан ағзалар алынып, олар әрі қарай трансплантация жасау үшін Астана қаласына жеткізілгенін мәлім еткен.

    Медицина мамандарының хабарлауынша, 1986 жылы туған әйел 22 қаңтар күні ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, әйелге 26 қаңтар күні клиникалық және аспаптық зерттеулердің нәтижесі бойынша "ми өлімі" диагнозы қойылған. Диагноз консилиум шешімімен, оның ішінде жансақтау бөлімінің меңгерушісі, неврологтар мен медициналық ұйым басшылығының қатысуымен расталған.

    Марқұмның туыстары донорлыққа саналы түрде келісім беріп, ағзаларды қайтыс болғаннан кейін алуға рұқсат еткен.

    "Қазіргі таңда ағзаларды тасымалдау операциялары басталып кетті. Отаның нәтижелері мен реципиенттердің жағдайы жұмыс күнінің соңында белгілі болады. Ми өлімі анықталғаннан кейін ағзалардың жарамдылық уақыты шектеулі, сондықтан барлық медициналық және ұйымдастыру шаралары жедел түрде жүргізіледі. Ағзаларды алу және трансплантациялау үдерісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тегін негізде жүзеге асырылады", - деді Павлодар облысы бойынша трансплантология жөніндегі өңірлік үйлестіруші Дмитрий Потеребух. 

    Дәрігердің айтуынша, биоконтейнерлерде бауыр мен бүйрек 8-10 сағатқа дейін сақталады. Дегенмен бүйрекке уақыт сәл көбірек беріледі - шамамен 12 сағатқа дейін, ал бауыр ишемияға сезімталдау. Ал жүрек арнайы аппаратта тасымалданады. Ол жерде жүрек өздігінен жұмыс істеп, қан айналымын қамтамасыз етеді. Арнайы зерттеулер мен талдаулар жүргізіліп, жүректің қызметі бақыланады. Мұндай жағдайда жүрек 24-48 сағатқа дейін ағзадан тыс жұмыс істей алады екен.

    "Ми өлімі анықталғаннан кейін ағзаларды алу үшін орта есеппен бізде 1-2 күн ғана бар. Ми өлімі диагнозы қойылғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек туыстарымен әңгіме өткізу қажет. Олар не келісім береді, не бас тартады. Келісім алынған соң, ағзалардың жарамдылығын анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізіледі, кейін тіндік сәйкестік тексеріледі. Бұл ұзақ әрі күрделі процесс. Бірақ келісім алынғаннан бастап ағзаларды алу сәтіне дейінгі уақыт барынша қысқа болуы тиіс", - деді Дмитрий Потеребух.

    "Туыстары рұқсатын берген": Павлодар облысында қайтыс болған әйел бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.