jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Өңешінде тұрып қалған": түркістандық дәрігерлер ине жұтып қойған сәбиді құтқарып қалды (фото)

    Ойнап отырған бала
    Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған 9 айлық сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Instagram-дағы аккаунтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі түнгі уақытта 9 айлық сәбиді шұғыл жеткізген.

    Анықталғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Дәрігерлер дереу рентгенологиялық тексеру жүргізіп, бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтаған.

    Түркістан облыстық балалар ауруханасының мамандары – хирург Мұқағали Темірбеков пен эндоскопист Бабыр Ырысқұлов өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті алып шыққан.

    Алынған ине
    Алынған ине. Фото: instagram.com/turkistandsb

    "Уақыт жоғалтпай, эндоскопиялық әдіс қолданылып, өңеште тұрып қалған ине сәтті түрде алынды. Медициналық көмектің жедел әрі кәсіби көрсетілуінің арқасында ықтимал асқынулардың алдын алу мүмкін болды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі таңда сәбидің жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне аман-есен шығарылған.

    ине
    Ине. Фото: instagram.com/turkistandsb

    Мамандар ата-аналарға балалардың қолы жететін жерде ұсақ әрі өткір заттарды қалдырмауды ескертеді. Осындай жағдай болса, уақыт жоғалтпай, дереу медициналық көмекке жүгіну өте маңызды екенін еске салады.

    "Өңешінде тұрып қалған": түркістандық дәрігерлер ине жұтып қойған сәбиді құтқарып қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.