jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2022 жылдан бастап түскен студенттерге қатысты: ДСМ дәрігерлерді даярлау жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірді

    Дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Денсаулық сақтау министрлігі мәжілісте талқыланып жатқан медициналық кадрларды даярлау жүйесіндегі өзгерістердің кімдерге қатысты болатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстанда медицина қызметкерлері үшін 6 жылдық емес, 7 жылдық білім беру жүйесін енгізу қарастырылып жатқанын мәлімдеген еді.

    "Кейінгі реформаға сәйкес, медициналық білім алу үшін студенттер 6 жыл оқуы керек. 6 жылдық оқуын аяқтағаннан кейін түлектердің жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ, себебі резидентура барлық студент үшін міндетті талап болып табылады. Резидентурада оқу екі жылдан төрт жылға дейін созылады. Бұл ретте мемлекеттік гранттар саны өте шектеулі, яғни оқу көбінесе ақылы негізде жүзеге асырылады.

    Ұсынылып отырған өзгеріс – 7 жылдық білім беру моделіне көшу. Бағдарлама университетте 6 жыл теориялық дайындықты және медициналық ұйымдардың базасында 1 жыл толыққанды практикалық интернатураны қамтиды", - деді депутат.

    Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсініктеме берді. Ведомство жас мамандардың пациенттермен ертерек жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың клиникалық практикаға даярлығын арттыру мақсатында дәрігерлерді даярлау жүйесін жаңартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

    "Өзгерістер 2022 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түскен студенттерге қатысты болады. Бұған дейін қабылданған студенттер үшін оқу шарттары өзгеріссіз қалады: олар қолданыстағы бағдарламалар бойынша білім алып, белгіленген тәртіппен мамандыққа шығады.

    Реформалардың қажеттілігі қолданыстағы даярлау моделіндегі шектеулермен байланысты. Қазіргі уақытта оқу ұзақтығы 6 жылды құрайды, оған интернатура мен магистратура элементтері кіреді, алайда түлектердің практикалық даярлығы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр.

    Сонымен қатар диплом алғаннан кейін түлектер резидентурадан өтпей дәрігер ретінде жұмыс істеуге құқылы емес, ал резидентураға бөлінетін гранттар саны белгілі бір мөлшерде. Бұл жағдай көп жылдық оқуға қарамастан, кейбір түлектердің кәсіби қызметін бірден бастап кетуіне мүмкіндік бермейді", - деп түсіндірді ДСМ өкілдері.

    Министрліктің мәліметінше, реформа шеңберінде барынша логикалық және практикаға бағытталған модельге көшу ұсынылады. 2022 жылдан бастап оқуға түскен түлектер оқуын және интернатураны аяқтағаннан кейін резидентурадан міндетті түрде өтпей-ақ еңбек қызметін бастай алады.

    Оларға алты базалық бағыт: жалпы дәрігерлік практика, терапия, педиатрия, хирургия, акушерия және гинекология, балалар хирургиясы бойынша жұмыс істеу құқығы беріледі.

    "Оқыту мазмұны да елеулі түрде өзгереді. Интернатура толыққанды клиникалық практика мәртебесіне ие болады: интерн-дәрігер тәлімгердің жетекшілігімен жұмыс істеп, пациенттерді емдеуге қатысады, медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізеді және еңбекақы алады.

    Осылайша, интернатура формалды кезең болудан қалып, даярлау жүйесінің негізгі элементіне айналады.

    Резидентура сақталады, алайда оның рөлі өзгереді: ол тар бейінді мамандану үшін тереңдетілген даярлық кезеңі болады", - деп қосты ведомство өкілдері.

    Министрлікте атап өткендей, енгізілетін өзгерістер дәрігердің кәсіби дамуының түсінікті әрі жүйелі траекториясын қалыптастыруға, жас мамандардың денсаулық сақтау жүйесіне тезірек қосылуына және кадрлық әлеуетті, әсіресе медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және өңірлерде күшейтуге мүмкіндік береді.

    Реформалардың басты мақсаты – медициналық көмектің сапасын арттыру.

    2022 жылдан бастап түскен студенттерге қатысты: ДСМ дәрігерлерді даярлау жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.