jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жоғары санатты дәрігер аутизм мен вакцинаның байланысына қатысты түсінік берді

    Дәрігер жұмыс барысыенда
    Екпе. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева тұрғындар арасында жиі кездесетін вакцинация туралы жаңсақ пікірге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, көп ата-ана аутизмді вакцинациямен байланыстырады, себебі аурудың белгілері "екпеден кейін" пайда болады деп ойлайды.

    "Алайда ғылымның нақты дәлелі басқа: аутизм вакциналардан туындамайды. Бұл миллиондаған бала қатысқан ірі зерттеулер арқылы расталған", - дейді ведомстводағылар.

    Дәрігерлердің айтуынша, аутизмнің алғашқы белгілері көбіне 1,5–2 жаста, яғни ревакцинация кезеңінде байқалады. Бірақ бұл – тек уақыт жағынан тұспа-тұс келген жай ғана сәйкестік.

    "Маңыздысы – уақыттың сәйкес келуі себеп-салдар байланысын білдірмейді. Аутизм бала дүниеге келмей тұрып қалыптасады және ми дамуының ерекшеліктерімен, генетикамен байланысты. Вакциналар бұл үдерістерге әсер етпейді — олар тек қауіпті инфекциялардан қорғайды", - дейді маман.

    Министрлік мәліметінше, дәрігерлер күн сайын қызылша, көкжөтел және алдын алуға болатын басқа да аурулардың ауыр салдарын көреді. Өкінішке қарай, кейде тым кеш болады.

    "Вакцинация – қауіп емес, қорғаныс", - дейді олар.

    Жоғары санатты дәрігер аутизм мен вакцинаның байланысына қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.