Хантавирустың өршуі: ДДСҰ басшысы әлем елдеріне үндеу жасады
Жарияланған күні:
ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус әлем елдерін сирек кездесетін хантавирус жұқтырғандар санының артататына дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
MV Hondius лайнері Испанияға аялдағандықтан, ал жергілікті дәрігерлер ондағы жолаушылар мен экипаж мүшелерін қауіпсіз жерге көшіргендіктен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус Мадридте баспасөз конференциясын өткізді.
Гебреисус әлем елдерін ДДСҰ нұсқаулықтарына сай әрекет етуге шақырды. Бұл нұсқаулықтар қатарында вирус жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдардың айналасына ұдайы мониторинг жасау және 42 күндік карантин секілді шаралар бар.
"Қазіргі уақытта вирустың қатты өршуінің айқын белгілері жоқ. Алайда, әрине, жағдай өзгеруі мүмкін. Себебі вирустың инкубациялық мерзімі ұзақ, бәлкім алдағы апталарда ауырған адамдар саны да артқанын көруіміз мүмкін", - деп мәлімдеді ол.
Қазіргі уақытта ДДСҰ хантавирустың анд штаммын 9 адам жұқтырғанын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2375670-hantavirustyng-orshui-dsu-basshysy-alem-elderine-undeu-zhasady/