jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда 2000-нан астам адамды кене шақты: олардың екеуі энцефалит жұқтырған

    Кене
    Кене. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматыда 2000-нан астам адамды кене шақты деген дерек тіркелді, кене шаққан екі адам энцефалит жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қалықованың айтуынша, биыл кене шағу жағдайларын тіркеу былтырғы эпидемиялық маусымға қарағанда ертерек басталды.

    "Алғашқы жағдайлар наурыздың басында тіркелді, бұл күннің ерте жылынуы және кенелердің белсенділігімен байланысты.

    18 мамырдағы жағдай бойынша кене шағуына байланысты қаладағы денсаулық сақтау мекемелеріне 2023 адам медициналық көмекке жүгінген, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға көп. Бұл жағдайлардың 45 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.

    Қалада жедел медициналық көмекке жүгінгендердің бәріне жедел медициналық көмек көрсетілді және олар көрсетілім бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин қабылдады", - деді спикер.

    Оның айтуынша, қалада кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді. Барлық пациент тиісті ем алып жатыр. Қалықова кене шағу жағдайлары Алматы облысында болғанын атап өтті. Кене энцефалитін жұқтырғандар оған қарсы вакцина алмаған.

    "Егер денеңізге кене жабысқанын байқасаңыз, білікті медициналық көмек және кене иммуноглобулинін алу үшін мүмкіндігінше тезірек, кене жабысқаннан кейін төрт күннен кешіктірмей серопрофилактика пункттеріне хабарласуыңыз керек", - деді СЭБД басшысының орынбасары.

    Ведомство өкілі кене шағуынан зардап шеккен адамдарға жедел көмек қаладағы медициналық ұйымдардың бес травматологиялық пунктінде: Орталық қалалық клиникалық ауруханада, №4 қалалық клиникалық ауруханада, №7 қалалық клиникалық ауруханада, ересектерге арналған қалалық жедел жәрдем ауруханасында және қаланың барлық ауданындағы балаларға арналған балалар жедел медициналық көмек орталығында көрсетілетінін айтты.

    СЭБД мамандары тауға, саябақтар мен алаңдарға барған кезде ашық, бір түсті, ұзын жеңді киім киюді ұсынады.

    Сонымен қатар, киімді, денені және заттарды жиі тексеріп отыру керек.

    Алматыда 2000-нан астам адамды кене шақты: олардың екеуі энцефалит жұқтырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.