jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Вакцинасы да, нақты емі де жоқ: Эболаның өршуіне байланысты министрлік қазақстандықтарға үндеу жариялады

    бетперде тағайын деп жатқан қыз
    Бетперде тағайын деп жатқан қыз. Көрнекі фото: pexels.com

    Денсаулық сақтау министрлігі екі елде Эбола қызбасының өршуіне байланысты шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрлікке сілтеме жасап.

    Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады.

    Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.

    "Эбола вирусы оны жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды.

    Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн", - дейді министрлік өкілдері үндеуде.

    Сондай-ақ дәрігерлер қазақстандықтарға шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет екенін ескертеді.

    "Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды", - деді ведомство өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, Конго Демократиялық Республикасында Эбола ауруының қайта өршуі тіркелген еді. Ауру 65 адамның өліміне себеп болды. Елде барлығы шамамен 246 инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген.

    Вакцинасы да, нақты емі де жоқ: Эболаның өршуіне байланысты министрлік қазақстандықтарға үндеу жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.