jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанадағы медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі

    Астана медицина университеті
    Астана медицина университеті. Видеодан кадр: instagram.com/amu_mua_official

    "Астана медицина университетіне" ұлттық мәртебе беру және оған көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімін беру туралы ұсыныс президенттен қолдау тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады.

    "Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді.

    Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын.

    Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор", - деді президент.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдайтынын айтты.

    "Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік", - деді ол.

    Астанадағы медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.