jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда мектеп оқушыларының денсаулығын ЖИ бақылайды: жаңа платформа іске қосылды

    Қазақстанда мектеп оқушыларының денсаулығын ЖИ бақылайды
    Қазақстанда мектеп оқушыларының денсаулығын ЖИ бақылайды. Фото: BAQ.KZ

    Жүйе дене қызуын, қан қысымын, жүрек қызметін, өкпенің жағдайын, ЛОР мүшелерін, тері жағдайын тексеріп, баланың бойы мен салмағын автоматты түрде тіркейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Қазақстанда мектеп оқушыларының денсаулығын бақылауға арналған жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастайды.

    Бұл бағыттағы MedHub HAQ платформасының таныстырылымы 8 шілде күні Астанада өтті.

    Жаңа жоба медициналық стартаптарды қолдауға, жеке мәліметтері жасырылған медициналық деректермен қауіпсіз алмасуға және денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған.

    "Медициналық стартаптардың даму жолы басқа салалардан өзгеше. Олар клиникалармен жұмыс істеуі, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауы және өз өнімін әзірлеуге қажетті медициналық деректерге қол жеткізуі керек. Қазір мұндай мүмкіндік өте шектеулі. Сондықтан біздің мақсат – осындай инфрақұрылымды құрып, заңнаманы жетілдіру бағытында мемлекетпен бірлесе жұмыс істеу", – деді жоба авторы Тоғжан Қожалы.

    Жоба авторларының айтуынша, бүгінде медицина саласындағы стартаптардың жартысына жуығы қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан толыққанды дами алмай отыр. Сондықтан жаңа платформа инновациялық жобаларды дамытуға және оларды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

    Жоба аясында іске қосылған E-Осмотр цифрлық платформасы мектеп оқушыларының профилактикалық медициналық тексерулерін автоматтандырады. Арнайы медициналық құрылғылар баланың денсаулығына қатысты 15 түрлі көрсеткішті анықтап, нәтижесін бірден электронды жүйеге жібереді.

    Жасанды интеллект дәрігердің орнына диагноз қоймайды. Ол тек медициналық тексеру нәтижелерін саралап, ықтимал ауытқуларды анықтауға көмектесіп, дәрігерге ұсыныстар береді.

    Жүйе дене қызуын, қан қысымын, жүрек қызметін, өкпенің жағдайын, ЛОР мүшелерін, тері жағдайын тексеріп, баланың бойы мен салмағын автоматты түрде тіркейді. Мамандардың айтуынша, мұндай жабдық бүгінде әлемнің 78 елінде қолданылады.

    Сонымен қатар платформа қағаз құжат айналымынан бас тартуға мүмкіндік береді. Медициналық тексеру қорытындылары бірден электронды денсаулық картасына енгізіліп, ақпаратты қолмен қайта көшіру қажеттілігі жойылады. Бұл өз кезегінде қателіктердің азаюына ықпал етеді.

    Жоба авторларының мәліметінше, қолдау алған осындай медициналық шешімдердің бірі алдағы уақытта Қазақстандағы шамамен 9 мың мектепте қолданылуы мүмкін.

    Қазақстанда мектеп оқушыларының денсаулығын ЖИ бақылайды: жаңа платформа іске қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.