jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өңірлер сұранысына сай: Қазақстанда дәрігерлерді даярлау қағидалары өзгереді

    медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: Marcus Brandt/picture alliance via Getty Images

    Қазақстандағы медицина мамандарын даярлау енді өңірлердегі сұранысқа сай жүзеге аспақ. Жоғары оқу орындарындағы студенттер саны мамандар қажеттілігі бойынша айқындалады. Тиісті қағидалар жобасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ашық НҚА порталына жарияланған жобаға сай, медициналық жоғары оқу орындарына бөлінетін орын өңірлердің нақты қажеттілігіне қарай жоспарланады. Қай өңірге қанша дәрігер мен басқа да медицина маманы қажет екені алдын ала есептеледі және мамандар да соған сәйкес даярланады.

    "Бұл тәсіл денсаулық сақтау жүйесіне қанша маман қажет болатынын дәл болжауға, сұраныс жоғары бағыттарды айқындауға және кадр тапшы өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген министрлік хабарламасында.

    Құжаттың негізгі мақсаты - медицина мамандарын даярлауды бірыңғай жүйе арқылы жоспарлау. Соның нәтижесінде жоғары оқу орындары мен медициналық колледждерде дайындалатын түлектер саны денсаулық сақтау саласының нақты сұранысына сәйкес болады.

    "Кадрмен қамтамасыз ету медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан жаңа қағидалар алдағы жылдары елге қанша дәрігер мен орта буын медицина қызметкері қажет болатынын дәлірек болжауға, сондай-ақ әр өңірдің ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді", - деп атап өткен министрлік өкілдері түсіндірмесінде.

    Атап өту керек, қажеттілік халық саны, сырқаттану деңгейі, медицина қызметкерлерімен қамтылу көрсеткіші, ауруханалар мен емханалар желісінің дамуы секілді критерийлер бойынша ескерілмек.

    Өңірлер сұранысына сай: Қазақстанда дәрігерлерді даярлау қағидалары өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.