Енді елімізде альцгеймер ауруын жаңа әдіспен емдеуге болады
Жарияланған күні:

Енді елімізде альцгеймер ауруын жаңа әдіспен емдеуге болады. Алматыдағы ауруханаға инновациялық медициналық аппарат берілді. Тың технология мидың қартаюына байланысты өзгерістерді бәсеңдетуге септігін тигізбек, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Заманауи аппараттың көмегімен бүкіл әлем бойынша 20 мыңнан аса науқасқа ем жүргізілген. Neurolith аппараты әзірге Алматыдағы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына орнатылды.
Бұл аппараттың көмегімен мидың зақымданған аймағына дәл әсер етуге болады. Науқастың басына арнайы құрылғы кигізіледі. Содан кейін ми тініне акустикалық импульстар жіберіледі. Осылайша, ми жасушалары қайта жанданып, адамның есте сақтау қабілеті жақсарады. Мамандардың айтуынша, жаңашылдықтың науқасқа ешқандай зияны жоқ.
"Шетелдің кейбір жетекші орталықтарында сегіз жылдан астам уақыт альцгеймер ауруын емдеу үшін ғылыми зерттеулер жүргізіліп, технология клиникалық тәжірибеде қолданылып жатыр. Біз де осы технологияны алғаш рет біздің ауруханаға енгізіп, альцгеймер сияқты кейбір ми жүйесі ауруларын емдеуге пайдаланғымыз келеді", - дейді Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы директорының орынбасары Ермек Желдібаев.
Авторлар: Ернұр Рысбай, Кенже Амраев
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2402918-endi-elimizde-altsgeimer-auruyn-zhanga-adispen-emdeuge-bolady/
