"Түркия дәрігерлері қымбат жабдық сыйлады": Алматыда күйік шалған балаларға жаңа әдіспен ем көрсетіледі
Жарияланған күні:

Түркиялық дәрігерлер Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығына қымбат жабдық сыйға тартты. Енді күйік шалған балаларға жаңа әдіспен ем көрсетіледі, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығына жыл басынан бері күйік шалған екі мыңға жуық бүлдіршін түскен. Олардың тең жартысына ота жасалып, ауруханаға жатқызылған. Басым бөлігі қызып тұрған затты ұстап алған.
Күйік шалған баланы қалай емдеу керек? Түркияның білікті комбустиологтары мен хирургтары терең күйіктерді емдеу, тері пластикасы және бүлінген теріні хирургиялық жолмен түзету тәжірибелерін бөлісті. Олар бес күн бойы алматылық хирургтармен бірге ота жасайды.
"Бұл кісілер бізге өз елінен біздің ауруханаға сыйлық ретінде екі жабдық әкеліп берді. Өте қымбат жабдық. Осы қазіргі замануи жабдықтарына қарағанда бұлардың эстетика жағынан, ота кезінде және отадан кейін кезеңнің мерзімі азаяды. Косметикалық жағынан өте маңызды рөл атқарады", - дейді БШМЖО Күйік шалу бөлімінің меңгерушісі Раджа Жұмаділдаев.
"Балаларды күйік шалу бүкіл әлемде жиі болады. Мысалы, Түкияда оның алдын алуға шама жетпей тұр. Күйік тек денеде тыртық қалдырып қоймай, психологиялық жарақат та қалдырады. Себебі әр тексеру кезінде күйік қалған сәті еске түсіп, күйзелісті қайта бастан кешіреді", - дейді балалар хирургы (Түркия) Эмрах Шенел.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2408924-turkiia-darigerleri-qymbat-zhabdyq-syilady-almatyda-kuiik-shalgan-balalarga-zhanga-adispen-em-korsetiledi/
