jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілгені туралы ақпарат расталмады

    Медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі Ақтас кентіндегі психиатриялық аурухананың пациенттеріне қатыгездік көрсетілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Instagram желісінде пациенттердің құқықтары бұзылды деген ақпараттың жариялануына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті аталған медициналық ұйымға тексеру жүргізді.

    "Ақтас кентінде орналасқан Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың пациенттеріне физикалық шектеу шараларын қолдану, ықпал ету шарасы ретінде дәрілік препараттарды пайдалану және пациенттердің ар-намысына тиетін өзге де әрекеттер жасалды деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат расталған жоқ. Бұл ресми тексеру қорытындысы бойынша анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Желідегі жазба авторы өзінің естеліктеріне сілтеме жасайды және оның айтуынша, аталған оқиғалар 2008 жылы медициналық ұйымның 7, 10 және 12-бөлімшелерінде болған. Бұл ретте автордың дербес деректері көрсетілмеген, ал сипатталған оқиғалар шамамен 18 жыл бұрынғы кезеңге жатады.

    Қоғамдық резонансты ескере отырып, медициналық көмек көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуы, психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмектің сапасы, сондай-ақ пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері тексерілді.

    2026 жылғы 7 тамыздағы тексеру нәтижелері туралы актіге сәйкес пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, ықпал ету шарасы ретінде дәрілік препараттарды пайдалану және пациенттердің ар-намысына тиетін өзге де әрекеттер туралы мәліметтер расталған жоқ.

    "Осылайша жазбада көрсетілген мәлімдемелер ресми тексеру барысында анықталған нақты мән-жайларға сәйкес келмейді. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір пациенттің құқықтарын, ар-намысы мен қауіпсіздігін сақтау сөзсіз басымдық болып саналатынын атап көрсетеді.

    Министрлік медициналық көмектің сапасына және пациенттердің құқықтарының сақталуына бақылауды жалғастырады", - дейді ведомство өкілдері.

    Министрлік көрінеу жалған мәліметтерді тарату олардың мазмұны мен тарату мән-жайларына қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

    Алматы облысында психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілгені туралы ақпарат расталмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.