Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарына шетелдік клиниканы таңдау бойынша ұсынымдар берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Емделу үшін шетелдік клиниканы таңдарда қалай қателеспеуге болады? Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ұсынымдар берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге жіберілетін пациенттерге ұсынылған медициналық ұйымдардың тізбесі жасақталғаны хабарланды.
Клиникаларды іріктеу келесі өлшемшарттар негізінде жүргізіледі:
- халықаралық аккредитацияның (JCI, ISO немесе баламалы) болуы;
- медициналық персоналдың жоғары біліктілік деңгейі;
- диагностика мен емдеудің инновациялық және дәлелді әдістерін қолдану;
- емдеу нәтижелерінің оң болуы және пациенттердің қауіпсіздігі.
"Шетелде емделу Қазақстан Республикасының аумағында тиісті емдеуге қажетті технологиялар, жабдықтар немесе мамандар болмаған жағдайда ғана ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде және шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда емделуге жолдау жөніндегі сараптамалық комиссияның 2021 жылғы 23 маусымдағы № 9 хаттамалық шешімімен шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесі бекітілген.
Емдеу нәтижелерінің оң көрсеткіштері мен диагностика және емдеудің инновациялық әдістерін қолдану ескеріле отырып, бұл тізбе өзектендіріліп отырады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік өз бетінше шетелге емделуге баратын қазақстандықтарға да аталған клиникаларға жүгінуді ұсынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2410793-densaulyq-saqtau-ministrligi-qazaqstan-azamattaryna-sheteldik-klinikany-tangdau-boiynsha-usynymdar-berdi/
