jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда алғашқы паллиативтік көмек орталығы ашылды (видео)

    орталық
    Орталық палатасы. Кадр: "Хабар" Агенттігі

    Алматыда ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған алғашқы паллиативтік көмек орталығы ашылды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

    Медициналық бөлімше 2-Балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жұмыс істейді. Мұнда созылмалы әрі толық емделмейтін ауруы бар жеткіншектерге қажетті медициналық және психологиялық қолдау жасалады.

    Науқастардың жағдайына қарай симптомдық ем жүргізіліп, кеңес беріледі. Балаларға педиатр, реаниматолог, онкогематолог, реабилитологтар көмек көрсетеді.

    Бөлімшеде ата-аналардың ұл-қыздарымен бірге болуына жағдай жасалып, палаталар үй бөлмесіне ұқсас жабдықталған. 18 жасқа дейінгі науқастарды қабылдау жақын күндері басталады.

    "Бұл жерде негізгі жұмыс істейтіндер сол реаниматолог дәрігерлер, тәулігіне 24 сағат қарайды. Бұл жердің жақсы жері ата-анасы қасында болады, кез келген уақытта кіріп, қасында болып, тамағын бере алады", - дейді қалалық №2 балалар ауруханасы директорының орынбасары Марат Қаптағаев.

    Алматыда алғашқы паллиативтік көмек орталығы ашылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.