"Екі жаңа өмір": Түркістанда бір отбасында анасы ұлына, ал өзге отбасында ұлы анасына донор болды
Жарияланған күні:

Екі отбасы. Екі тағдыр. Екі жаңа өмір. Түркістан облысындағы аймақтық клиникалық ауруханада екі отбасы үшін ерекше күн болды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Бір отбасында 20 жыл бұрын анасы ұлына өмір сыйласа, енді сол ұлы анасына бауырының бір бөлігін беріп, жаңа өмірге жол ашты.
Ал екінші отбасында анасы 20 жыл бұрын дүниеге әкелген ұлына өз бүйрегін донор ретінде беріп, өмірін ұзартты. Күрделі бауыр трансплантациясы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймаханов бастаған жоғары білікті мамандардың қатысуымен сәтті жүзеге асырылды.
Бұл – донорлар мен олардың жақындарының қуанышы ғана емес, трансплантациялық үлкен команданың, хирургтердің, анестезиологтардың, реаниматологтардың, мейіргерлер мен барлық медицина қызметкерінің тынымсыз еңбегінің жемісі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2413019-eki-zhanga-omir-turkistanda-bir-otbasynda-anasy-ulyna-al-ozge-otbasynda-uly-anasyna-donor-boldy/
