jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Соңғы қадамға жақын тұрмыз": қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

    Медицина қызметкері екпе дозасын дайындауда
    Вакцина. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Саясат Нұрбек қазір Астанадағы онкологиялық орталық базасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңі жалғасып жатқанын мәлім етті.

    "Бұл жерде дозаны анықтау, яғни ағзаның үлкен және кіші дозаға реакциясы тексеріліп жатыр. Біз жыл соңына дейін осы жұмыстарды аяқтап, дәріні алдын ала тіркеуге ұсынуға тырысамыз. Оның өзіндік процедурасы бар. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Дәрілік заттарды тіркеу ұлттық орталығы бізге барынша көмектесіп жатыр.

    Олар клиникалық сынақтардың екінші кезеңінің расталған нәтижелерін күтіп отыр. Біз оларды растап, жүктеген бойда барлығы қайта тексеріледі және осы дәріні тіркеуге өтінім бере бастаймыз. Біз қазір соңғы қадамға жақын тұрмыз", - деді министр.

    Оның айтуынша, алдымен препаратты Қазақстан аумағында, одан кейін ЕАЭО елдерінде ресми тіркеу міндеті тұр. Содан соң дәріні халықаралық нарыққа шығару жұмыстары басталады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі 2026 жылдың соңына дейін тіркелуі мүмкін екенін айтқан болатын.

    "Соңғы қадамға жақын тұрмыз": қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.