jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақ дәрігері әлемде 300 млн адам ауыратын дертті ерте анықтаудың тың тәсілін ойлап тапты (видео)

    Мұхит Құлмағанбетов
    Мұхит Құлмағанбетов. Кадр видеодан: 24.kz

    Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты. Ол кванттық физика мүмкіндіктерін қолданып, соқырлықты ерте кезеңде анықтайтын құрылғы жасап шығарды. Дәрігердің бұл жаңалығы әлем ғалымдарының назарын аударып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

    Мұхит Құлмағанбетов жобасын Гонконгта жетілдіріп жатыр.

    "Бұл жерде біз екі түрлі жарық сәулелерін пайдаланамыз. Біреуі поляризацияланған, екіншісі поляризацияланбаған. Екеуі мына бимспектрда кездеседі да оны суперпозция дейміз. Әрі қарай мына фильтр, сосын айрис арқылы өтіп сәуленің фазасын өзгертеміз да мына линза арқылы адамның көзіне жібереміз.

    Және осы жарықты көрген адам макулярлы дегенерациясы жоқ деген сөз, ал егер көре алмаса макулярлы дегенерацияның ерте кезеңі басталған дегенді білдіреді. Осы жүйені біз аламыз да қысқартып, міне, мынандай ретінде құрастырамыз. Осының жақында патентін алдық. Көз түбінің зақымдануын ерте кезеңде анықтайтын құрылғы осы", - дейді ғалым, дәрігер-офтальмолог Мұхит Құлмағанбетов.

    Макулярлы дегенерация дүниежүзінде 300 миллионнан астам адамда кездесетін дерт. Мұхит оны анықтаудың әдісін ойлап тапқан. Бүгінде әлемнің үздік ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеп, әбден жетілдірді. Қазір Гонконг пен Канада клиникаларында сынақтан өткізіліп жатыр.

    Қазақ баласының кванттық технологиясы алғашқы жемісін бере бастады. Жаңа құрылғымен тәжірибе ретінде 200 адамның көз жанары тексерілді.

    "Бұл аурудың ерте диагностикасы Қазақстанда жоқ. Қазақстан түгілі басқа елдерде де жоқ. Егер осыны алып барсақ, біздің елде бүкіл мемлекеттік деңгейде массовый скрининг жасауға болады. Белгілі бір ауыратын науқастардың алдын ала диагностика жасауға болады", - дейді дәрігер.

    Ғалым-дәрігер бірнеше жыл бойы Гонконгте бір жобаның соңында жүрмеген. Жеке зерттеу жасап кванттық физиканың тағы бір мүмкіндігін ашты. Ол миопия дертін анықтап, түбегейлі емдеудің амалын тапқан. Қазір алыстан көрмеу дертін тоқтататын құрылғыны өзі құрастырып жатыр. Бірақ әзірге патентелмепті.

    "Кванттық оптиканы пайдалана отырып осы жақында жаңа идея туды. Сол жүйені құрастырып жануарларға эксперимент жасап көрдім. Қорытындысы өте жақсы шықты. Технологиялық детальдарымен бөлісе алмаймын. Оның жүйесін жартылай құрастырып қойдық. Сіздің артыңызда жатыр. Әрі қарай оның сыртқы келбетін және бірінші эксперименттерімізді бастасақ, клиникалық ол да қолжетімді болуы мүмкін. Оның бір жақсы жері тек қана диагностика емес, ол емге арналған", - дейді Құлмағанбетов.

    Әлемде кванттық физиканы офтальмология саласында ешкім қолданып көрмеген. Ғылымға тұңғыш рет қазақ ғалымы енгізіп отыр. Оның жаңалығы дүниежүзіне таралып қазір АҚШ, Еуропа, Қытай, Канада, Жапония елдерінен түрлі ұсыныс түсуде. Бірақ ғалым Құлмағанбетовтың өз жоспары бар. Жуырда Астанадан офтальмологиялық орталық ашып, клиникалық бағытпен қатар ғылыми инновациялық жобаларды да жүзеге асыруды көздеп отыр.

    Қазақ дәрігері әлемде 300 млн адам ауыратын дертті ерте анықтаудың тың тәсілін ойлап тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.