Қазақстандықтар жақыны ауруханаға түскенін енді хабарлама арқылы біле алады: жаңа қызмет іске қосылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандықтар жақындары шұғыл ауруханаға түскен жағдайда eGov арқылы хабарлама ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Жаңа функция адам жол апатына түсіп, кенеттен өзін нашар сезініп немесе ауруханаға түсіп, жақындарымен өз бетінше байланыса алмаған жағдайда, оларды хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтар үшке дейін сенімді тұлғаны көрсете алады.
Сервисті қосу үшін:
- eGov.kz порталына авторизациядан өту;
- "Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыстарды тіркеу" қызметін таңдау;
- сенімді тұлғаның ЖСН-ін көрсету қажет.
Сенімді тұлға 18 жастан асқан және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы керек. Осыдан кейін пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге және денсаулық жағдайы туралы ақпаратты беруге келісімін растауы қажет.
"Көрсетілген адамға тіркеуді растау немесе одан бас тарту туралы ұсыныс бар SMS келеді. Растау үшін жауап ретінде 911 кодын, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу қажет. Шешім қабылдауға бес сағатқа дейін уақыт беріледі. Егер сенімді байланыс тіркеуді растаса, пайдаланушы сұрауға қол қояды. Осыдан кейін тіркелген байланыс туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне беріледі", - делінген ақпаратта.
Қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында да қолжетімді. Ол үшін "Мемлекеттік қызметтер" және "Денсаулық сақтау" бөлімдеріне кіру қажет.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2420879-qazaqstandyqtar-zhaqyny-auruhanaga-tuskenin-endi-habarlama-arqyly-bile-alady-zhanga-qyzmet-iske-qosyldy/
