jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Медицина қызметкерлеріне кәсіптік міндетін атқару кезінде шабуыл жасалса төлем тағайындалуы мүмкін

    медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: Marcus Brandt/picture alliance via Getty Images

    Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру тетіктерін жетілдіруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

    Құжатта көрсетілгендей, өзгерістердің басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру тетіктерін жетілдіру. Сондай-ақ олардың кәсіби міндеттерін атқару кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтандыру көзделген.

    "Бұйрық жобасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын бірлесіп сақтандырудың үлгілік шартын енгізу, кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шеңберіндегі сақтандыру қорғанысын интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлерге оқу кезеңінде қолдану ұсынылады", - делінген жобада.

    Бұдан бөлек медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде үшінші тұлғалардың зорлық-зомбылық әрекеттері нәтижесінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібін айқындау ұсынылады.

    Сондай-ақ жобада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру және денсаулық сақтау субъектілері, медицина қызметкерлері, пациенттер мен Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының Әкімшісі арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіру қағдиларын нақтылау көзделеді.

    Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, жаңа ережелерден мынадай нәтижелер күтіледі:

    • кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру тетіктерін жетілдіру;
    • медицина қызметкерлерінің, оның ішінде дәрігер-интерндер мен дәрігер-резиденттердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру арқылы қорғауды кеңейту;
    • сақтандыру жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

    Жоба 16 қыркүйекке дейін қоғам талқылауына шығарылды.

    Медицина қызметкерлеріне кәсіптік міндетін атқару кезінде шабуыл жасалса төлем тағайындалуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram