jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Петропавлда ет тартқышта қолын ауыр зақымдаған ер адамға ота жасалды

    Ота үстелі
    Ота үстелі. Фото: Morsa Images/Getty Images

    Петропавлдағы көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында қолын ет тартқышта ауыр зақымдап, саусағынан айырылған 21 жастағы жігітке ота жасалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ медициналық мекемеге сілтеме жасап.

    Қабылдау кезде пациенттің жағдайы ауыр болған. Пациенттің саусақтарының бір бөлігі ет тартқышқа туралып кеткен, сондай-ақ қолдың сүйектеріне, сіңірлеріне және жұмсақ тіндеріне зақым келген.

    Пациент шұғыл түрде травматология бөлімшесіне жатқызылды.

    "Хирургия бригадасының алдында сақтап қалуға болатынның барлығын істеу міндеті және қолдың функциясын мүмкіндігінше қалпына келтіру тұрды.

    Операция барысында зақымданған қолды темір конструкциялардың көмегімен бекітті, жараларды хирургиялық өңдеу жүргізді және зақымданған сіңірлерді қалпына келтірді. Жарақаттың күрделі екеніне қарамастан, одан әрі қол функциясын қалпына келтіруге жағдай жасау үшін мамандар саусақтардың қалған бөлігін сақтап қалды", - делінген хабарламада.

    Операцияны жасағандар травматолог-ортопедтер Евгений Никонов пен Ислам Қуандықов. Анестезиолог-реаниматолог – Сибагатуллин Мансур Хакимиллаевич, операциялық мейіргер — Волынец Ирина Николаевна.

    Хирургиялық емнен кейін пациент стационарда қалпына келді. Ер адам ауруханада барлығы 16 күн болды.

    Осы оқиға ер тартқышпен және басқа да механизмдермен жұмыс істегенде, барынша сақ болу керек екенін еске салады. Бір секундтық абайсыздық өмірді мәңгі өзгерте алады.

    Петропавлда ет тартқышта қолын ауыр зақымдаған ер адамға ота жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram