jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін берді

    Ақмарал Әлназарова
    Ақмарал Әлназарова. Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз еркімен қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергені жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Денсаулық сақтау министрі қабылдаған шешімін желідегі парақшасында жариялады.

    "Көптен бері қабылдаған шешімімді – қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру жөніндегі өз еркімді білдіргенімді көпшіліктің алдында жариялағым келеді.

    Бұл туралы ашық айтуды маңызды деп санаймын. Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыздың бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттілігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан", - деп жазды Ақмарал Әлназарова.

    Оның айтуынша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдарға өмірден өткеннен кейін де көмектесудің бір жолы.

    Министрдің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда шамамен 184 мың адам өз еркін білдіруін eGov арқылы тіркеп қойған. Келісім білдірушілер саны артып келеді.

    Алайда күту парағындағы әрбір санның артында өмірін сақтап қалуға деген үміт бар.

    Бүгінде 4 867 отандасымыз трансплантаттауды күтуде:

    • 4 311 адамға – бүйректі трансплантаттау қажет;
    • 212 адам – жүрек трансплантаттауын күтуде;
    • 314 адам – бауыр трансплантаттауын күтуде;
    • 30 адам – өкпе трансплантаттауын күтуде.

    "Біз қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің ғана міндеті емес екенін үнемі айтып келеміз. Бұл – қоғамның сенімі, ашық қоғамдық диалог және әр адамның саналы түрде қабылдаған шешімі", - деді ол.

    Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram