jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Белгілі ғалым Алмаз Шарман ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

    Алмаз Шарман
    Алмаз Шарман. Фото: facebook.com/almaz.sharman

    Белгілі медицина ғалымы Алмаз Шарман Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесіне мүше болды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, қордың жалғыз акционері – ҚР Қаржы министрлігінің шешімімен Алмаз Шарман ӘМСҚ-ның тәуелсіз директоры болып тағайындалған.

    "Директорлар кеңесі – қордың басқару органы. Кеңес мүшелері қордың жалпы жұмысына басшылық етеді және өз құзыреті шегінде басқарманың қызметін бақылайды", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

    Ұлттық салауатты тамақтану орталығының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Алмаз Шарман ұзақ жыл иммунология саласында ғылыми қызметпен айналысқан.

    1991 жылы докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін доктор Шарман АҚШ-қа жұмысқа шақырылып, Алабама университетінің (Бирмингем) Вакциналарды әзірлеу иммунобиологиялық орталығының қызметкері атанып, онда 1994 жылға дейін жұмыс істеген.

    1994 жылы доктор Алмаз Шарман Вашингтонға халықаралық медициналық-демографиялық зерттеулер жобасының медициналық үйлестірушісі ретінде жұмысқа шақырылған. Оның үйлестіруімен әлемде алғаш рет жалпыұлттық репрезентативті іріктеуді қолдану арқылы АИТВ инфекциясының таралуын зерттеу басталған.

    1997 жылдан 2004 жылға дейін Джонс Хопкинс университетінің ғылыми қызметкері болған.

    2006-2008 жылдары Алмаз Шарман Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясын басқарған.

    2008 жылдың мамыр айында Алмаз Шарман Қазақстанның Ұлттық медициналық холдингінің басқарма төрағасы, ал кейіннен холдингтің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

    2012 жылы Алмаз Шарман Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті болып сайланды.

    Белгілі ғалым Алмаз Шарман ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram