jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда 2027 жылы ұл балаларға да адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салына бастайды

    Екпе салу барысы
    Екпе салу барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекулы Құрылтайдағы брифингте Қазақстанның үш жылдық бюджет жобасында денсаулық сақтау саласына қандай шығындар қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге қарастырылған. Қаражат кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және медициналық сақтандыруға бағытталады", - деді Абзал Бейсенбекулы.

    Оның айтуынша, бірқатар күрделі аурулардың алдын алу шараларын күшейту жоспарланып отыр.

    "2027 жылдан бастап төрт өңірде пилоттық режимде скринингтің жаңа түрі – өкпе обырының алдын алуға арналған скрининг енгізіледі. Бұл ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

    Тағы бір профилактикалық шара – 11 жастағы ұл балаларды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау", - деді вице-министр.

    Айта кетейік, Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау 2024 жылы қыркүйекте басталды.

    Қазақстанда 2027 жылы ұл балаларға да адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салына бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram