jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар: Бос уақытта белсенді қозғалу артық салмақ қосуды болдырмауға көмектеспейді

    жүгіру
    Жүгіру. Иллюстрациялық фото : pexels.com

    Финляндиялық ғалымдар бес жылдық зерттеу нәтижесінде белсенді адамның өмір салты мен көп қозғалмайтын адамның өмір салты артық салмақ қосу көрсеткішіне үнемі әсер ете бермейді деген тұжырымға келді, деп жазды News-Medical басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Scientific Reports журналында жарияланған Хельсинки университеті ғалымдарының зерттеуі бос уақытта белсенді қозғалу артық салмақ жинаудан қорғайды деген көпшілік болжамын жоққа шығарды. Бес жылдық бақылауға Финляндияның жас және орта жастағы 2606 муниципалдық қызметкері қатысты. Мамандар олардың күнделікті белсенділік деңгейін, қозғалыссыз өткізетін уақытының ұзақтығын және дене салмағының өзгеруін бағалады.

    Бақылау барысында салмақтың айтарлықтай артуы — бастапқы дене салмағының 5%-ынан асатын салмақ әйелдердің 28%-ында және ерлердің 22%-ында тіркелді. Алайда ғалымдар бос уақытта белсенді қозғалу немесе, керісінше уақытты қозғалыссыз өткізу дене салмағының айтарлықтай арту қаупіне нақты әрі тікелей әсер ететінінің дәлелін таппады.

    Зерттеу авторлары бұл нәтижелер дене шынықтырудың жүрек-қан тамырлары жүйесі мен метаболизмге тигізетін жалпы пайдасын жоққа шығармайтынын атап өтті. Дегенмен олар бос уақыттағы белсенділік деңгейі мен қозғалыссыз өмір салтының өзі ғана дене салмағының динамикасын айқындайтын толыққанды факторлар емес екенін ескертті. Салмақ қосуға жалпы тамақтану рационы, стресс деңгейі, тағамның калориялығы және зат алмасудың жеке ерекшеліктері сияқты күрделі механизмдер әсер етеді. Ғалымдар семіздіктің алдын алу бағдарламаларын әзірлеу кезінде кешенді тәсілді қолдануға шақырды.

    Ғалымдар: Бос уақытта белсенді қозғалу артық салмақ қосуды болдырмауға көмектеспейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram