Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық: елімізде аурулардың тізбесі бекітілуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Денсаулық сақтау министрлігі екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекітуді көздейтін жобаны талқылауға шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының жобасын жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурулардың тізбесін нақтылауды жоспарлап отыр.
"Енгізіліп жатқан өзгерістер құжаттағы аурулардың бүкіл ел бойынша біркелкі және нақты айқындалуына бағытталған.
Тиісті түзетулер аурулардың қолданыстағы тізбесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасында қарастырылған", - делінген НҚА түсіндірмесінде.
Аурулар атауын Аурулардың халықаралық жіктемесінің (АХЖ) тиісті кодтарымен толықтыру ұсынылады.
"Бұл ауруды дәлірек анықтауға және тізбені тәжірибеде қолдану кезінде әртүрлі түсіндірменің алдын алуға мүмкіндік береді.
Осылайша өзгерістер нақтылау сипатына ие және қолданыстағы реттеуді жетілдіруге әрі аурулар тізбесімен жұмыс істеу кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған", - деп нақтылады ведомство өкілдері.
Жоба 5 қазанға дейін қоғам талқылауына шығарылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2430509-eki-aidan-astam-engbekke-uaqytsha-zharamsyzdyq-elimizde-aurulardyng-tizbesi-bekitilui-mumkin/
