"СК-Фармацияға" қатысты шағым толастар емес: депутат компанияға тексеріс жүргізу қажет екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Құрылтай отырысында депутат Асылхан Қожахметов кәсіпкерлердің "СК-Фармация" қызметіне қатысты шағымын жеткізіп, медициналық бұйымдарды сатып алу процесін тексеруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"СК-Фармация" ЖШС-нің қызметі "Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалдарына бірнеше рет арқау болды. Бағаның шарықтауы, ұзақ мерзімді шарттар жасасудағы қиындықтар, отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігі, дәрі-дәрмек жеткізудегі іркілістер, сондай-ақ мемлекеттік аудит анықтаған көптеген заң бұзушылықтар фракция тарабынан шұғыл шешуді талап ететін мәселелер ретінде жүйелі түрде аталып келеді.
Фармацевтика саласындағы кәсіпкерлердің толассыз шағымдары бұл мәселелердің әлі күнге дейін толық шешілмегенін көрсетеді. Оның үстіне, жекелеген сатып алуларға ғана емес, сатып алу ережелерін қолдану тәжірибесінің өзіне қатысты жаңа сұрақтар туындады", - деді депутат Асылхан Қожахметов.
Депутаттың айтуынша, күрделі мәселелердің бірі – 2027 жылға арналған медициналық бұйымдарды сатып алу. Қазақстандық өндірушілер талаптардың біркелкі емес екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар депутат жосықсыз қатысушылардың сатып алуға қол жеткізуі де өзекті мәселе екенін атап өтті.
Осыған байланысты ол мынадай ұсыныстар жасады:
"СК-Фармация" ЖШС-ның отандық тауар өндіруші мәртебесін растау талаптарының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету;
"СК-Фармация" сатып алуларына жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген субъектілердің қатысу мәселесіне құқықтық баға беру;
2027 жылға арналған медициналық бұйымдарды сатып алудың заңдылығын тексеру және заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алу нәтижелерін жоюға дейін және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға дейінгі заңда көзделген шараларды қабылдау.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2431968-sk-farmatsiiaga-qatysty-shagym-tolastar-emes-deputat-kompaniiaga-tekseris-zhurgizudi-usyndy/
