Дәрігерлер жұмысын қалай жеңілдетуге болатыны айтылды
Жарияланған күні:

Қазақстанда алғаш рет медицина мен IT тоғысқан MedTech хакатон өтті. Саладағы нақты мәселелердің шешімін табу үшін мамандар жұмыс істеп жатыр. Астанада 300-ден астам жиналған алаңда жаңа жобалар таныстырылды, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шара кезінде 20-ға жуық команда медицина саласын цифрландыру үшін жобаларын ұсынды. Саланы цифрландыру бойынша қиындықтар да жоқ емес, дейді мамандар. Мысалы дәрігерлер қазірге дейін классикалық форматта жұмыс істеп жүр.
"Цифрландыру бойынша медицина саласы консервативті сала. Өйткені көп дәрігерлеріміз цифрға әлі сенбейді. Олар қазір көбінесе классикалық жұмыс істейді. Оны көзбен көру, бағалау. Сондықтан қазір біздің саламыз ІТ саласындағы жас жігіттермен медиктерді бір командаға құрып, бір-біріне сенім арттыру", - дейді Medhub Haq негізін қалаған Тоғжан Қожалы.
Бір командада тоғысқан дәрігердің де, ІТ маманның да, кәсіпкердің де өз міндеті бар. Мәселен дәрігер жұмыста қандай қиындық барын, оны қалай шешу керек екенін түсіндірсе, ІТ маман сол мәселені идеяға айналдырып бағдарлама немесе цифрлық көмекші жасап шығады. Үшінші кезекте кәсіпкер мұны әрі қарай дамыту жолын ойластырады. Үздік жобалар MedHub-тың толық қолдауына ие болмақ. Жүлде қоры 1 млн теңге.
Өз жобасын ұсынған мамандардың бірі - Айзада Бәдиева. Ол медицина саласының биостатистигі.
"Бүгінгі медхакатонда жеңіске жетпесек те, оны ары қарай минимал өнімді жалғастыратын ойымыз бар. Инвестор іздестіріп және оны ары қарай дамытып. Бір күнде толық өнім жасап шығу мүмкін емес. Тек прототипін көрсете аламыз. Ал әрі қарай жалғастыратын ойымыз бар", - деп пікір білдірді ол.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2436841-darigerler-zhumysyn-qalai-zhengildetuge-bolatyny-aityldy/
