jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Депутат дәрігердің қабылдауына жазылу мерзімін қысқартуды ұсынды

    дәрігер
    Дәрігер және пациент. Көрнекі фото: pexels.com

    Құрылтай отырысында депутат дәрігер қабылдауына жазылудың нақты мерзімін бекітуді, сондай-ақ онкологиялық ауруға күмән туындаған жағдайда күту уақытын қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Депутат Арман Жансеңгіров медициналық көмек саласында оң өзгерістер бар екенін, атап айтқанда, емханалар мен ауруханалардағы бейінді мамандар пациентті өз әріптестерінің қабылдауына жолдай алатынын мәлімдеді. Алайда қазақстандықтардан қабылдау мерзіміне қатысты шағымдар толастар емес.

    "Жоспарлы көмекті күтудің бірыңғай шекті мерзімін, сондай-ақ онкологиялық ауруға күмән болған жағдайда және балалар үшін қысқартылған мерзімді ереже арқылы бекітуді ұсынамын. Сондай-ақ тіркелген жері бойынша емес, колл-орталық арқылы бейінді дәрігерге тікелей жазылу жүйесін енгізуді ұсынамын", - деді депутат.

    Депутаттың тағы бір ұсынысы – қайта қабылдауға жазылуды маманға немесе емдеу нәтижесіне байланыстыруға тыйым салу керек, бұл пациенттерге тек ауруы асқынғанда ғана емес, кез келген уақытта дәрігерге жазылуға мүмкіндік береді.

    Депутат дәрігердің қабылдауына жазылу мерзімін қысқартуды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram