Эндокринолог D дәруменін дәрігердің кеңесінсіз ішу неге зиян екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада өткен конференция кулуарында эндокринолог Айгүл Дурманова дәрумендерді қабылдамас бұрын неге дәрігермен кеңесу керек екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Дурманова бір кезеңде қазақстандықтар D дәруменін өте үлкен мөлшерде қабылдай бастағанын атап өтті.
"Бұл неге әкеп соқты? Біріншіден, тамырлардың кальцинациясы байқалады, қазір бұл өте жиі кездеседі. Оған қоса – бүйрек пен несепағарда тас түзіледі. Мұның бәрі D дәруменін шамадан тыс қабылдаудың салдары", - дейді ол.
Азаматтарға тек бұл емес, басқа да дәрумендерді қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2440631-endokrinolog-d-darumenin-darigerding-kengesinsiz-ishu-nege-ziian-ekenin-aitty/