Сүйікті музыка ауырсынуды басуға көмектеседі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сүйікті аудиожазбаларды тыңдау пациенттерге медициналық процедуралар кезінде жағымсыз сезімдерді жеңіл өткеруге көмектеседі, деп жазды MedicalXpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Монреаль университетінің канадалық ғалымдары музыканың ауырсынуды қабылдауға қалай әсер ететінін анықтау үшін 63 адам қатыстырылған зерттеу жүргізді. Тәжірибе барысында қатысушылардың терісіне ауырсыну тудыратын қыздырылған пластина басылды. Бұл ретте еріктілер өздерінің сүйікті музыкасын, арнайы таңдалған босаңсытатын тректерді тыңдады немесе толық тыныштықта болды.
Зерттеу нәтижесінде сүйікті композицияларды тыңдау ауырсыну қарқындылығын шамамен 10 пайызға төмендететіні, сондай-ақ жағымсыз сезімдердің деңгейін азайтатыны анықталды. Бұл ретте зерттеушілер таңдаған қарапайым босаңсытатын музыка мұндай нәтиже көрсетпеді.
Жұмыс авторларының сөзінше, адамдарда эмоционалдық серпіліс пен денедегі тітіркенуді (мурашки) тудырған тректердің ең жоғары ауырсынуды басатын әсері болған. Ғалымдар бұл қарапайым әдіс амбулаториялық процедуралар кезінде дәрі-дәрмектерді қолдануды азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2441614-suiikti-muzyka-auyrsynudy-basuga-komektesedi/