jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен скринингтер мен екпелер туралы SMS-хабарлама келе бастайды

    Смартфон ұстаған ер адам
    Смартфон ұстаған ер адам. Иллюстрациялық фото: Anita Kot/Getty Images

    Қазақстанда профилактикалық тексерулер мен екпелер туралы SMS-хабарламалар жіберу іске қосылады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 19 қазаннан бастап Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындары скринингтен өту қажеттілігі туралы SMS-ескертулер ала бастайды. Хабарламалар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы келеді.

    "Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды.

    Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады", - делінген хабарламада.

    26 қазаннан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жүргізілген вакцинациялау туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр. Екпе медициналық ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін азаматқа немесе баланың заңды өкіліне вакцинаның түрі мен егілген күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    "Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі", - деп мәлім етті министрлік.

    Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен скринингтер мен екпелер туралы SMS-хабарлама келе бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram