jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елімізде 78 медициналық ұйымның лицензиясы қайтарылды

    Стоматология
    Стоматология. Фото: NurPhoto/Getty Images

    Елімізде 9 айда 78 медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындысын жариялады.

    "Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық департаменттер заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдардың лицензияларын сот тәртібімен тоқтату рәсімдерін бастады.

    Нәтижесінде 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыс пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуын бақылауға және медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

    Басты қағида – медициналық көмек көрсету құқығы заңнама талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтаумен қатар жүруге тиіс.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram