jitsu gif
Денсаулық

    Әйел адамдарға ескеру керек гигиена ережелерін білесіз бе?

    : UGC

    Денсаулық – зор байлық. Әсіресе нәзік жандылар қауымы өз денсаулығы үшін маңызды ережелерді сақтап жүруі тиіс. осы орайда NUR.KZ порталы қыз-келіншектер үшін денсаулыққа қатысты маңызды ақпараттарды ұсынады.

    Көрнекі фото: likar.info
    Көрнекі фото: likar.info: UGC

    1. Іш киім таңдау барысында ең алдымен оның ынғайлылығы мен сапасына көңіл аударыңыз. Табиғи маталардан жасалған бұйымдарды таңдағаныңыз жөн. Іш киімнің формасы да маңызды рөл ойнайды. Белді жауып тұратын іш киімдер денеге қолайлы орналасып, гигиенаны сақтайды. Стрингиді күнделікті киюдің қажеті жоқ, себебі теріні тітіркендіріп, цистит ауруына алып келуі мүмкін.

    2. Күнделікті төсемелер гигиенаны сақтауға көмектеседі. Бірақ оларды 3-4 сағат сайын алмастырып тұру керек. Сондай-ақ төсемені түнде қолданудың қажеті жоқ. Түрлі-түсті немесе жұпар иісті төсемелерге құмар болмаңыз, олар аллергия тудыруы мүмкін.

    3. Қарапайым сабын мен душқа арналған гельді қолданбаңыз, олар қол мен дене терісіне арналғандықтан, ылғалды әрі нәзік теріге сәйкес келмейді. Сабын жыныс мұшесіндегі теріні құрғататын бактериялардың тууына себепкер болады.

    4. Интимді аймаққа арналған құрал таңдау барысында, құрамына назар аударыңыз. Кез-келген өнімнен табиғи компоненттер мен сүт қышқылын іздеңіз. Әсіресе әр түрлі бояғыштар мен жұпар иіс шығаратын заттарды таңдамауға тырысыңыз, себебі олар теріге кері әсер етуі мүмкін.

    5. Өзіңізді жайсыз сезінесіз бе? Кез-келген уақытта қол сөмкеңізде интимді орынға айналған дымқыл салфетка ұстап жүріңіз. Салфетка таңдау барысында да табиғи өнімге асығыңыз.

    6. Мықты денсаулық үшін тіпті душқа түсу барысында да сақ болыңыз. Себебі интимді аймақты жуу барысындағы қышқылды орта бұзылып, бактериялардың пайда болуына әкеліп соғады.

    7. Ең бастысы жыныстық мүшеніздегі кез келген өзгеріс – дәрігерге барып қаралуға себеп екенін ұмытпаңыз.

    Әйел адамдарға ескеру керек гигиена ережелерін білесіз бе?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.