jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Дәрігер қартаюды баяулататын дәруменді атады

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    К дәруменінің тапшылығы қартаю процесін жылдамдатады деп хабарлайды РИА Новости.

    Бұл туралы М.Ф. Владимирский МОНИКИ тамақтану орталығы жетекшісінің орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Инна Пичугина айтты.

    Оның сөзінше, К дәрумені аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды. 

    Диетолог К витамині майда ериді деп отыр. Ол ақуыз синтезі мен қан ұю жұмысына қатысады.

    "Егер бір жерде қантамырлар зақымдалса, витамин қоюлатып, қан ағуын тоқтатады", - деді маман.

    Одан бөлек, бүйрек дұрыс жұмыс істеуі үшін де керек. Кальций мен Д витаминінің байланысы үшін де маңызды. Демек, сүйек жүйесі мен байланыстыратын тіндерге қажет. Балалар қаңқасының дамуына, ал егде жастағы адамдарда остеопороздан қорғауға септеседі. 

    К витамині орамжапырақ, салат сынды негізінен жасыл түсті өнімдерде бар. Сондай-ақ бауырда да болады.

    Дәрігер қартаюды баяулататын дәруменді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram