jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Кондиционердің адамға қауіпсіз температурасы қандай: Терапевт кеңес берді

    Терапевт кондиционердің қауіпсіз температурасын айтты
    Көрнекі сурет: Pixabay.com

    Терапевт, кардиолог Юрий Серебрянский кондиционердің адам үшін қолайлы әрі қауіпсіз болатын температурасын атап, одан туындайтын аурулардан сақтану жолын айтты. Маман кондиционері бар бөлмеде отырмауға кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ura.news басылымына сілтеме жасап.

    "Кондиционердің болғаны жақсы. Ең бастысы — оның астында жатпаған дұрыс. 18 градусқа қоюдың қажеті жоқ. Температураны шамамен 22-23 градусқа реттеу керек. Сонда даладағы ауадан айырмашылығы азаяды.

    Кондиционерді қосып қойып, басқа бөлмеде отырыңыз. Сонда ауа өзара алмасып, бөлмеде орташа температура болады. Оны төсегіңіздің үстіне ілмегеніңіз дұрыс", — дейді маман.

    Дәрігер құрылғыны абайлап қолданбаса адам пневмонияға шалдығуы мүмкін екенін де ескертті. Ол кондиционерді жуып және тазартып отыру әр түрлі бактериялардың жиналуына жол бермейтінін айтты.

    Серебрянский үйінде кондиционері жоқтарға да кеңес берді. Ол үйдегі ауа дымқылданып, салқындау үшін шелекке су құйып қоюды, сонымен қатар бөлмедегі температураны салқындату үшін дымқыл жаймалар мен сүлгілер ілуге болатынын айтты.

    Одан бөлек терапевт ыстық күндері сұйықтық көбірек ішуге кеңес берді.

    "Суық емес, жылы сұйықтық ішкен дұрыс. Орталық Азия халқы шай ішеді, ол сұйықтықтың орнын толтырады және адамның тамағы құрғамайды. Оған лимон, жалбыз жапырақтары, құлпынай немесе қарақат қосуға болады", — деді Серебрянский.

    Кондиционердің адамға қауіпсіз температурасы қандай: Терапевт кеңес берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.