jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Зығыр немесе мақта: ғалымдар жазда денеге қандай мата жайлы екенін айтты

    Түймелі көйлек
    Жеңіл матадан тігілген жейделер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ғалымдар жаздың қатты ыстық күндері денеге қандай матадан тігілген киімдер өте жайлы екенін анықтады. Бұл туралы The Washington Post басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

    Бұл материал біздің күнделікті ақпараттарымыздың бір бөлігі саналады. Соңғы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, мына сілтеме арқылы жазылыңыз және электрондық пошта немесе Telegram арқылы өзіңізге ыңғайлы жерден қажетті ақпаратты оқыңыз

    Әйгілі Post басылымына сұхбат берген ғалымдар синтетикалық матадан тігілген киім күн астында жаттығу жасайтын немесе жұмыс істейтін адамдар үшін ең жақсы нұсқа деп есептейді. Бұл маталар денедегі терді кетіретін арнайы химиялық өңдеуден өтеді. Әдетте мұндай киім мамандандырылған спорт дүкендерінде сатылады.

    Дегенмен сарапшылар мұндай киімдер басқа адамдарға жарамсыз болса, ылғал бөлетін және желдетудің тамаша балансын сақтайтын зығыр матасына мән беруге болатынын айтады.

    Джорджия технологиялық институтының материалтану және инженерия профессоры Сундаресан Джаяраман: "Зығыр мақтаға қарағанда әлдеқайда жайлы жаздық мата", - деді.

    Аптап ыстықта дененің терморегуляциясының негізгі құралы терлеу болып есептеледі. Тер адамның терісі арқылы шығатындықтан, жылуды әкетеді, сондықтан жазда денені ылғалдан қорғауға көмектесетін матадан тігілген киімдер киген дұрыс.

    Зығыр көйлек
    Зығырдан тігілген жейде мен былғары белдік. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Профессор Джаяраманның айтуынша, жазғы маталар ылғалды сіңіріп, оны теріден шығарып қана қоймай, судың булануына ықпал етуі керек. Мақта мен зығыр ылғалды сіңіруге бірдей жарамды, бірақ мақта терді бойында сақтайды, ал зығыр оны сіңіруге мүмкіндік береді.

    Сол себептен де зығырды ыстық ауа райында киюге қолайлы мата деуге болады.

    Зығыр немесе мақта: ғалымдар жазда денеге қандай мата жайлы екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.