jitsu gif
Денсаулық

    Түнде уақытылы ұйықтамайтын жасөспірімдер неге ашуланшақ болады

    Ұйқыда жатқанда жиі бастырылу зиян ба: Мамандар жауап берді
    Фото: Pexels

    Жақында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, түнгі уақытта ұйықтамайтын жасөспірімдердің мінезі қызба, ашуға бейім келетіні айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Питтсбург университетінің клиникалық психология докторанты Рия Мирчандани жетекшілік еткен зерттеуде 210 жасөспірімнің ұйықтау әдеті мен қызба мінезі талданды. Қатысушылар арнайы сауалнама толтырып, мелатонин деңгейін анықтау үшін сілекей үлгісін тапсырды және бір апта бойы ұйқы режимін бақылайтын білезік құрылғысын тақты.

    Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әрдайым кеш жатып, кеш тұратын жасөспірімдер жағымсыз эмоциялық сәттерде ашуға тез бой алдыратынын және қиын тапсырмалардан бас тартуға бейім келетіні анықталған. Мұндай мінез-құлық алкоголь мен басқа да зиянды заттарды тұтынуға әкеп соқтыруы мүмкін.

    "Бір таңқаларлығы, мелатонин деңгейі мен ашушаңдық арасында айтарлықтай байланыс табылмады. Бұл нәтиже мінездің қызбалығы мен ұйқыға деген бейімділікке әсер ететін басқа психологиялық немесе мінез-құлық факторларының бар екенін көрсетеді", - дейді зерттеуші.

    Ғалымдар ата-аналарға жасөспірімдердің ұйқы режимін қалыпқа келтіруге көмектесуді ұсынады. Бұл олардың эмоционалды тұрақтылығын арттырып, импульсивті әрекеттердің алдын алуға септігін тигізуі мүмкін.

    Дереккөз: womenshealthmag.com

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.