jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ішек микрофлорасына пайдалы тағамдар қандай: дәрігер жауабы

    Қырыққабат
    Қырыққабат. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Терапевт-дәрігер, диетолог Галина Волкова ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін кейбір өнімдерді атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

    Маманның айтуынша, бұл тұздалған көкөністер – қияр мен қырыққабат секілді өнімдер.

    "Рационға тұздалған көкөністерді – қырыққабатты, қиярды – қосуға болады. Олар ағзаны дәрумендермен ғана емес, ішек микробиотасына пайдалы пробиотиктермен де қамтамасыз етеді", – деді дәрігер.

    Оның айтуынша, тұздалған көкөністерден бөлек, ағзаға мұздатылған жидектер мен көкөніс қоспалары да жақсы әсер етеді. Олар көктемде жаңа піскен көкөністер мен жемістер аз болатын кезеңде қолданылады, себебі дұрыс мұздату кезінде олардың құрамындағы дәрумендер мен минералдар іс жүзінде толығымен сақталады.

    "Көктемде жаңа өнімдер мол болмаса да, әрдайым теңгерімді тамақтанып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді нұсқалар табылады", – деді диетолог.

    Ішек микрофлорасына пайдалы тағамдар қандай: дәрігер жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.