jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар қолайсыз аудандарда тұру мидың биологиялық қартаюын тездететінін анықтады

    Кедейлік
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Radiology журналында жарияланған зерттеу өмір сүру деңгейі төмен аудандарда тұрғындардың ми көлемінің кішірейгенін және ақ заттың зақымданғанын көрсетті, деп жазды News-Medical-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Висконсин университетінің (Мэдисон) Медицина мектебі мен Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары тұрғылықты ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының ми денсаулығы көрсеткіштерінің нашарлауымен тікелей байланысты екенін дәлелдеді. 18 бен 96 жас аралығындағы 2826 пациенттің МРТ нәтижелері талданған ретроспективті зерттеудің қорытындылары Солтүстік Америка радиологиялық қоғамының (RSNA) Radiology журналында жарияланды.

    Өмір сүру деңгейін бағалау үшін ғалымдар табыс, білім, жұмыспен қамту және тұрғын үй жағдайы бойынша 17 көрсеткіш негізінде есептелетін аудандардың депривация индексін (ADI) қолданды. Зерттеу жетекшісі доктор Джон-Пол Дж. Ю ең қолайсыз аудандардан шыққан адамдарда мидың биологиялық және хронологиялық жасы арасындағы алшақтықтың ұлғайғанын, сондай-ақ мидың жалпы көлемінің азайғанын атап өтті.

    Сонымен қатар МРТ сканерлеуі қолайсыз аумақтар тұрғындарында ақ заттың гиперинтенсивтілігінің жоғары көлемін — созылмалы стресс, жоғары қан қысымы және ұйқысыздық салдарынан тамырлардың зақымданғанын білдіретін жарқын учаскелерді тіркеді. Авторлардың айтуынша, бұл өзгерістер когнитивті бұзылулар, деменция және жүрек-қан тамырлары патологияларының даму қаупін арттырады. Зерттеушілер көмек бағдарламаларын әзірлеу және денсаулық сақтау ресурстарын бөлу кезінде әлеуметтік және экологиялық факторларды ескеру қажеттігін баса айтады.

    Ғалымдар қолайсыз аудандарда тұру мидың биологиялық қартаюын тездететінін анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram