Апельсин шырыны қан тамырларының саулығына жауап беретін гендерге әсер ете алады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Цитрус жемістерінің биоактивті қосылыстары жүрек-қан тамырлары жүйесіне қатысты гендердің жұмысын реттейді, деп жазды News-Medical басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Апельсин шырынының құрамындағы табиғи қосылыстар жүрек-қан тамырлары жүйесі мен қан тамырларының жұмысын бақылайтын гендердің белсенділігін реттеуге қабілетті. Мұндай қорытындыға Францияның Ұлттық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған ортаны зерттеу институтының (INRAE) ғалымдары келді. Клиникалық сынақ нәтижелері Food & Function ғылыми журналында жарияланды.
Зерттеуге жүрек аурулары мен екінші типті диабеттің даму қаупіне жататын бел көлемі ұлғайған 37 ер адам қатысты. Қатысушылар алты апта бойы кезектесіп, күн сайын 330 мл жүз пайыздық апельсин шырынын, құрамында қант мөлшері табиғи шырындағыдай бақылау сусынын немесе сол бақылау сусынына цитрус жемістерінде табиғи түрде кездесетін өсімдік полифенолы — гесперидин қосылған сусынды ішті.
Талдаулар гесперидин мен басқа да биоактивті заттардың ағзаға жақсы сіңіп, қан тамырларының жұмысына байланысты гендердің белсенділігінде өзгерістер тудырғанын көрсетті. Алты апта ішінде қатысушыларда артериялық қысымның тікелей төмендеуі тіркелмесе де, анықталған молекулалық өзгерістер цитрус қосылыстарының биоактивті екенін аңдатты. Зерттеу жетекшісі Кристин Моранд анықталған механизмдерді ұзақ мерзімді бақылау аясында әрі қарай зерттеу қажет екенін атап өтті. Диетолог Фрэнки Филлипс эксперимент аясында шырын ішудің сыналушылардың дене салмағына, глюкоза, инсулин немесе холестерин деңгейіне теріс әсер етпегенін мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthy-lifestyle/2429700-apelsin-shyryny-qan-tamyrlarynyng-saulygyna-zhauap-beretin-genderge-aser-ete-alady/