jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар: Кофеині бар және кофеинсіз кофе ішек микробиотасын өзгертіп, адамның есте сақтау қабілетіне әсер етеді

    Кофе және қыздың қолы
    Кофе ішуге келген қыздың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    ScienceDaily басылымының жазуынша, зерттеу нәтижелері кофеиннің бар-жоғына қарамастан, сусынның ішек пен ми арасындағы байланысқа әсер етіп, көңіл күй мен когнитивті функцияларды жақсартатынын көрсетті, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

    Корк университеттік колледжі жанындағы APC Microbiome Ireland зерттеу орталығының ғалымдары кофенің "ішек-ми" осіне әсерін зерттеді. Кофе туралы ғылыми ақпарат институтының (ISIC) қолдауымен Nature Communications журналында жарияланған зерттеуге күніне 3-5 кесе кофе ішетін 31 адам және бұл сусынды мүлдем ішпейтін 31 адам қатысты.

    Тәжірибе барысында кофеқұмарлар алдымен екі апта бойы кофеден бас тартты, бұл олардың ішек метаболиттері профилінде айтарлықтай өзгерістер тудырды. Кейіннен сусын рационға қайта енгізілді: бір топқа қарапайым кофе, екіншісіне кофеинсіз кофе берілді. Кофе ішуді қайта бастағаннан кейін екі топ та стресс, депрессия және импульсивтілік деңгейінің төмендегенін хабарлады. Кофені жүйелі түрде тұтынушыларда қышқылдардың бөлінуіне, өт өндірілуіне қатысатын және жағымды эмоциялар тудыратын Eggertella sp, Cryptobacterium curtum және Firmicutes бактерияларының жоғары деңгейі тіркелді.

    Зерттеушілер сусынның әр түрі қалай әсер ететінін анықтады: кофеинсіз кофе оқу және есте сақтау көрсеткіштерін жақсартты, бұл полифенолдар мен антиоксиданттардың әсерімен байланыстырылады, ал қарапайым кофе мазасыздық деңгейін төмендетіп, зейінді арттырды және қабыну қаупін азайтты. Профессор Джон Краян кофені тек кофеин арқылы ғана емес, ішек денсаулығы мен эмоционалдық әл-ауқатқа әсер ететін күрделі диеталық фактор ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті.

    Ғалымдар: Кофеині бар және кофеинсіз кофе ішек микробиотасын өзгертіп, адамның есте сақтау қабілетіне әсер етеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram