jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Эндокринологтер қандағы қант деңгейін тұрақты ұстауға көмектесетін ең пайдалы жемістерді атады

    Дастархандағы жемістер. Көрнекі сурет
    Дастархандағы жемістер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Дәрігерлер құрамындағы талшықтар мен полифенолдардың арқасында көптеген жемістің диабеталды жағдайдағы және диабетпен ауыратын адамдарға жарамды екенін атап өтті, деп жазды Health-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құрамында табиғи қант болғанына қарамастан, көптеген жемістің гликемиялық индексі төмен және олар қандағы глюкоза деңгейін бақылайтын адамдарға қолайлы. АҚШ-тың үш эндокринологы — Twin Health-тен Бри Уиллис, Memorial Hermann Health System-нен Андрес Спленсер және Tufts Medical Center-ден Ричард Сигел өздерінің күнделікті тұтынатын өнімдер тізімін бөлісті.

    Ұсыныстар тізіміне асқазанның босауын баяулатып, қанттың күрт көтерілуіне жол бермейтін талшыққа бай алма мен алмұрт енді. Сарапшылар оларды қабығымен жеуге, сондай-ақ ірімшікпен немесе бадам майымен үйлестіруге кеңес берді. Дәрігерлердің сөзінше, таңқурай, құлпынай, көкжидек және асаи сияқты әр түрлі жидектер талшықтардың көмірсуларға қатынасының жоғары болуына және құрамында қабыну процестерін төмендететін антиоксиданттардың (полифенолдар мен антоциандардың) болуына байланысты пайдалы саналады.

    Сонымен қатар мамандар киви мен питахайяны (айдаһар жемісі) ерекше атап өтті. Алтын түсті кивидің қабығында қосымша талшық бар және ол ішек микробиотасы үшін пребиотик қызметін атқарады, ал питахайя диабеталды жағдайдағы адамдарда аш қарынға қант деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сондай-ақ тізімге авокадо да енді, ол формальды түрде жеміске жатады: оның құрамындағы пайдалы майлар мен тағамдық талшықтар қоректік заттардың баяу сіңуіне ықпал етеді.

    Эндокринологтер қандағы қант деңгейін тұрақты ұстауға көмектесетін ең пайдалы жемістерді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram