Шамадан тыс жаттығулар дофамин балансын бұзуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ғалымдар толыққанды тынығусыз шамадан тыс физикалық жүктеме ми биохимиясында ұзақ мерзімді өзгерістер туындатып, дофамин балансын бұзатынын дәлелдеді, деп жазды SciTechDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сан-Паулу университетінің бразилиялық зерттеушілері кеміргіштерге артық жаттығу синдромын модельдеді. Сегіз апта бойы тышқандардың бір тобына күн сайын күшейтілген жүктеме берілді, ал соңғы жеті күнде олар арасы небәрі төрт сағат болатын үзіліспен тәулігіне екі рет жаттығуға мәжбүр болды. Екінші топ толық шаршағанға дейін тек бір рет жүгіріп шықты.
Бір рет жүгіргеннен кейін жануарлардағы дофамин деңгейі тез қалпына келді. Қарқынды жаттығулар тобындағы сынақтан өтуші кеміргіштердің гиппокампында бұл нейромедиатордың концентрациясы ағза белсенді қалпына келуге тиіс соңғы тесттен кейін 48 сағат өткен соң да қалыптан тыс жоғары күйінде қалды.
Ғалымдар мидың осы аймағынан дофамин синтездеуге қажетті фермент – тирозингидроксилазаның артық мөлшерін тіркеді. Бұл ретте серотонин деңгейі еш өзгерген жоқ.
Зерттеу авторлары дофамин өндірісіндегі ақау кәсіби спортшылардың ұйқысы қашуына, мазасыздығына және әлсіреуіне себеп болуы мүмкін деп болжайды. Адамдарға сынақ әлі жүргізілген жоқ, бірақ ғалымдар шамадан тыс жүктеме кезінде ағзаның қай жүйелері бірінші болып істен шығатынын түсіну үшін халықаралық жобаны бастап кетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthy-lifestyle/2453118-shamadan-tys-zhattygular-dofamin-balansyn-buzuy-mumkin/