jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Белгі береді": Ағзаңызға су жетіспейтінін неден байқауға болады?

    : UGC

    Адам ағзасындағы су тапшылығы көптеген ауытқуларға себеп болуы мүмкін. Судың тапшылығын білу оңай емес, дегенмен ағзаның өзі адамға белгі береді екен деп жазады joinfo.ua сайтына сілтеме жасаған

    NUR.KZ.

    taiafilippova.ru
    Көрнекі фото:taiafilippova.ru: UGC

    Сонымен, судың жеткіліксіз екенін көрсететін айқын және жасырын белгілері бар. Бүгін біз сирек, бірақ өте маңызды белгілерді тілге тиек етеміз.

    Тәттіге деген құмарлық

    obzor-tovarov.info
    Көрнекі фото:obzor-tovarov.info: UGC

    Кейбір жағдайларда судың тапшылығы аштық ретінде көрінеді. Әсіресе тәттіге деген құмарлық артады. Сұйықтық тапшы болғанда бауыр мен ағзада жиналған гликоген тез жұмсала бастайды, сондықтан ағзаға метоболизмді қалыпты деңгейде ұстау үшін глюкозаның көп мөлшері қажет болады. Егер тәтті нәрсе жегіңіз келіп тұрса, алдымен бір стақан су ішін алыңыз.

    Ауыздағы жағымсыз иіс

    hronika.info
    Көрнекі фото: hronika.info: UGC

    Сілекейдің негізгі міндеті - ауыз қуысындағы бактериялар мен микроорганизмдерді жою болып табылады. Ағзаға су жетіспегенде ең алдымен сілекейдің бөлінуі азаяды. Бактериялар көбейіп, жағымсыз иіс шыға бастайды.

    Тері балғын көрінбейді

    ladynumber1.com
    Көрнекі фото:ladynumber1.com: UGC

    Су тапшылығын тексеру үшін қолыңыздың терісін шымшып көріңіз, егер теріңіз бірден қалпына келмесе, ағзаңызға су жетпейді деген сөз. Су жетпеген кезде коллаген жұмысы баяулап, теріңіздің құрылымы өзгере бастайды.

    Ми жұмысының нашарлауы

    venterra.com
    Көрнекі фото:venterra.com: UGC

    Ми жасушалары жақсы жұмыс істеуі үшін су қажет. Сусыз жүйке импульстарының берілу тиімділігі баяулайды. Жүйке талшықтары құрғап қалады десе болады. Сондықтан, есте сақтау қабілеті төмендейді, шешім қабылдау жылдамдығы бәсеңдеп, ойлау қабілетіңіз нашарлайды. Осындай белгілердің бірін байқасаңыз, дереу су ішіңіз.

    "Су ішіңіз" дегенде таза суды айтамыз. Шай, кофе, шырын деген сияқты сұйықтықтар судың есебіне жатпайды.

    "Белгі береді": Ағзаңызға су жетіспейтінін неден байқауға болады?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.