jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында жеті ай бойы жан азабын тартқан тұрғынның ішінен дәке шықты

    : UGC

    Түркістан облысы тұрғынының ішінен дәрігерлер дәке алып шыққан. Бұл туралы журналист Қанат Жүнісбеков әлеуметтік желідегі парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Көрнекі фото: capost.media
    Көрнекі фото: capost.media: Depositphotos

    Осыдан жеті ай бұрын журналистің інісіне Шымкент қалалық жедел көмек көрсету ауруханасында соқыр ішегіне дәрігерлер ота жасаған. Алайда, содан кейін жеті ай бойы науқастың жағдайы жақсара қоймаған.

    Жаны көзіне көрініп, қиналған жігіт ауылдағы ақ халаттыларға барып тексеріледі. Жеті ай бұрынғы отаның орнын қайта ашқан ауылдық дәрігерлер науқастың ішінен дәке алып шыққан.

    "Тамызда еншілес інімнің соқыр ішегіне Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында операция жасалған еді. Ол кездегі қорлықты қоя бер. Әйтеуір жан аман деп шүкіршілік еткен едік. Содан бергі жеті ай бойы бауырымның жан азабын айтып жеткізе алмаймын.
    Ауруы жанына қатты батқан соң ауылдағы жас маманға барған. Операцияның орнын қайта ашып көрген дәрігердің өзі талып қала жаздады. Інімнің ішінен дәке шықты жазылмай, іріңдеп жүргені сол екен.
    Ота жасап қалдықты алған дәрігер әріптестерінен жөн сұраймын деп сөз естіпті. Міне біздің ақ халаттылар", - деп жазды наразылығын білдірген журналист.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы "Бұл мәселе бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесі қосымша әлеуметтік желіде хабарланатындығын" айтып жауап берді.

    Түркістан облысында жеті ай бойы жан азабын тартқан тұрғынның ішінен дәке шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.