jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтты

    : Getty Images

    Денсаулық сақтау министрі тыныс алу қызметін күшейту үшін өкпені жасанды желдету құрылғыларын қолдан жасап қолданудың қаупі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

    Министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтты
    Көрнекі фото: Хабар 24: Getty Images
    "Әлеуметтік желілерде азаматтардың тыныс алуды күшейту үшін өз қолдарымен бір нәрсе жасауға тырысып жатқандары туралы түрлі жарияланымдар пайда болды. Интернеттен қолдан қалай жасау керектігін көріп алып, өз бетімен үйде емделгісі кететіндер де болады.

    Мұндай жағдайда өте мұқият болу керек, өйткені егер сұйықтық таза болмаса, өкпеде бактериялық инфекцияның пайда болуы мүмкін. Қолдан жасалған құрылғыларға өте мұқият қарау керек. Қашан да асқынуларға алып келу қаупі бар.

    Өкінішке қарай, бізде мұндай жағдайлар тіркелді және тек бізде ғана емес. Сондықтан азаматтарымызға ескерту керек. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн", - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

    Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында Ислам Жалғасбай есімді мектеп оқушысы пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығына алаңдап, қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шыққанын хабарлаған едік.

    Отбасының туысы Рахат Тұрғановтың олардың 67 жастағы аталары екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылғанын айтқан болатын. Дәрігерлер қарияның жасына орай, оның денсаулығына байланысты болжамдар көңіл көншітпейтінін айтып, туыстарынан оны үйіне алып кетуді ұсынған екен.

    Министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.