jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    "Екі жыл бұрын жұтып қойған": Дәрігерлер 11 жастағы баланың өкпесінен ине алып шықты

    Баланың өкпесінен алынған ине
    Баланың өкпесінен алынған ине. Фото: Ростов облыстық денсаулық сақтау министрлігі

    Ресейдің Дондағы Ростов қаласында дәрігерлер 11 жастағы баланың өкпесінен ине алып шықты. Бұл туралы "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер 11 жасар баланың осыдан екі жыл бұрын жұтып қойған инесін алып шықты. Ине екі жыл бойы баланың өкпесінде тұрып қалған.

    11 жасар ер бала ауруханаға дене қызуы көтеріліп, кеудесін ауырсынып түскен. Тексеру кезінде баланың оң жақ өкпесінде басқа зат бары анықталды.

    "Ер бала екі жыл бұрын тігіншілерге арналған инені жұтып қойғанын мойындады. Мұнысын ешкімге айтпаған", - делінген хабарламада.

    Бір қызығы, соңғы екі жылда баланы ештеңе мазаламаған. Бірақ ине өкпені зақымдай бастайды.

    Қазіргі таңда ота сәтті өтіп, науқас өзін жақсы сезінуде.

    "Екі жыл бұрын жұтып қойған": Дәрігерлер 11 жастағы баланың өкпесінен ине алып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.